MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Есіңде ме
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№32, 30 желтоқсан 2023 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Гүлнар Рақымжанқызы
2.Әлібек Тойлыбай
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Сонау кездер есте ме,

Дір етер ме жүрегің?

Сен сымбатты жігіт ең,

Мен әдемі қыз едім.

Алма жүздер қызарып, 

Абдырайтын түндер-ай,

Тиіп кетсе абайсыз,

Білегіңе білегім.

 

Сағындың ба сол шақты?

Ал, мен болсам аңсадым.

Маған ғана құмардай,

Ләйлі-ғұмыр, барша мұң.

Бөлінбесе дегенмін,

Жүрегіңнен жүрегім.

Айрылмаса дегенмін,

Саусағыңнан саусағым.

 

Есіңде ме сол кезгі,

Бәйшешегі көк белдің?

Көк бел жаққа телміріп,

Көп күнімді өткердім.

Сен бозбала күйіңде,

Мен бойжеткен қалпымда,

Қалып кеткен шығармыз,

Тамшысы боп көктемнің.

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика