MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Қарттар үйі
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№32, 30 желтоқсан 2023 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Гауһар Ешекенова
2.Марита Қабижанқызы
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Айтыңдаршы, айдар көңіл желкен бе?

Әрбір адам, қол созады ертеңге!

Бұл қалада қарттар үйі деген бар,

Барып соған, басыңды сұқ, ей пенде!

Түсеме еске, өткен күні талайғы,

Күтуменен жаңа күнді, жаңа айды,

Туыстарым келіп тұр ма, деп бірі,

Жәутең қағып терезеге қарайды!

 

Қайтсін енді, болмаған соң тірегі,

Осы үй ғой, жатар орны түнегі,

Бұрыш жақта аяғы жоқ тізеден,

Сағы сынып арбада отыр біреуі!

Ойлағандай бола ма, адам дегені,

Кімге қалай, тәңір нұрын себеді?

Қос жанары, сөніп қалған бір қартың,

Әне ілбіп, жар жағалап келеді!

 

Таныспақ ем айтпай қойды есімін,

Қайтем енді, сұраймын ба кешірім?

Немеренің, сүйіп бетін фотодан,

Бір әже отыр, бақпады деп бес ұлым!

Жас шағында ішіуші еді тек ептеп,

Той думаннан қалмаушы ед, секектеп,

Тар көшеде қаңғып жүрген бір жанды,

Арақ мұнда әкеліпті жетектеп!

 

Маңдайында өткен жылдар өрнегі,

Бұл өмірде, не қиындық көрмеді?

Орындыққа, іліп қойған костюмде,

Мына қарттың тұр жарқырап ордені!

Құйып алып жүрегіңе мол сенім,

Тыңда сөзін, жанына үңіл, көр шерін!

Ей пенделер, келіп тұр сен осы үйге,

Бақытыңның білу үшін, өлшемін!

 

Ей, пенделер! Келіп тұр сен осы үйге,

Бақытыңның білу үшін, өлшемін!

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика