№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Гүлнар Рақымжанқызы | |||
2. | Құрасбек Байтоқаев |
Қызықтап жүруші едім қылығыңды,
Тағдырың жазбасын деп сүрінуді.
Бойжеттің бала күнің артта қалды,
Жел шайқап арқаңдағы бұрымыңды.
Қайырмасы:
Қауызын жаңа ашады,
Жауқазын бала шағы.
Ақ ботам дидарыңа,
Ай мен күн таласады.
Мөлт етсе мөлдір-әлем,
Таңданып қарасады.
Көктемнің гүліндей боп,
Жүргенің жарасады.
Сен менің жүрегімнің бөлшегісің,
Таңданар талшыбықтай көрсе мүсін.
Әлемде ешқандай күш болған емес,
Бақытын қыз баланың өлшеу үшін.
Қайырмасы
Мөлт етсең жүрегіңді талмай ұғам,
Болашақ өміріңе арнайын ән.
Сыйлағым келеді әркез қуанышты,
Сипағым келеді әркез маңдайыңнан.
Қайырмасы