№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Гүлнар Рақымжанқызы | |||
2. | Әлібек Тойлыбай |
Сонау күндер шақырады, дара шақ,
Кеткен жастық, жүректерге жара сап.
Мен жаныңда жүрген кезде бақытты ем,
Мұңсыз күнім көп екен-ау, санасақ.
Қайырмасы:
Бізге куә, әппақ қайың, саябақ,
От сезімге түн құшағын жаяды ақ.
Әлі есімде сенің нұрлы жанарың,
Әлі есімде, жүрген кезің аялап.
Жүректерге түспейтіндей қаяу-мұң,
Мен қасыңда тым әлсізбін, баяумын.
Сызданғаның, басқа жанға жуытпай,
Қызғанғаның қандай тәтті аяулым.
Қайырмасы
Мендей мүмкін сүйе де алмас әр адам,
Өткен күндер өшпей қойды-ау санадан.
Оттай ыстық сезіміңді іздеймін,
Жүрегіңнен жүрегіме тараған.
Қайырмасы