№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Гүлнар Рақымжанқызы | |||
2. | Тұрдыбек Жүнісұлы |
Дүние жасылданып кеткен кезде,
Самал жел асулардан жеткен лезде.
Жадырап жұтайықшы таң самалын жаным,
Көк белге күн шуағын төккен кезде.
Қайырмасы:
Тасқындап тартады өрге,
Ғашық боп арқа белге.
Қайтайық бір аралап, жаным,
Келсеңші Марқакөлге.
Айтайын әнге қосып алабыңды,
Сұлулық арбайтындай жанарымды.
Күтемін мен өзіңді Марқакөлде жаным,
Желменен жібергейсің хабарыңды.
Қайырмасы
Ұмытпай жүргенімде ол күнді әлі,
Мөлдіреп жанарыма сыр тұнғаны.
Тулайды менің нәзік жүрегімдей жаным,
Тулайды Марқакөлдің толқындары.
Қайырмасы