№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Гүлнар Рақымжанқызы | |||
2. | Сәрсенбек Мекенов |
Туған жер – жүрегімнің асыл әні,
Аққайнар баурайыңда тасынады.
Мамырлап өр Алтайдан күн шыққанда,
Шуағы бәр әлемге шашылады.
Қайырмасы:
Алтай мен Арқа белім –
Әнімнің арқауы едің.
Маржандай мөлдіреген,
Мерейлі Марқакөлім.
Марқакөл бауырыңнан ұшамын да,
Оралам қасиетіңнен күш алуға.
Құшақтап әкетер ме ем өзімменен,
Әттең-ай, сыймайсың ғой құшағыма.
Қайырмасы
Марқакөл атың да – өлең, көркің де – өлең,
Жүрмін ғой, сағыныштың өртінде мен.
Өзіңе құс боп ұшып жетсем бе екен?
Ақ бұлттай аспаныңда төркіндеген.
Қайырмасы