№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Анарбек Қозбақов | |||
2. | Әділбек Ыбырайымұлы |
Маңыздырақ бір қадам бір қадамнан,
Дүниені ақ сəуле нұрға малған.
Көздегенің көрінбей көкжиектен,
Жол іздейсің тым жалтаң шырғалаңнан.
Өз бетіңмен шығасың жеке, мейлі,
Тəуекелді сенімің некелейді.
Өмір бəрі əдемі, әдемі өрнек,
Еліктіре ілгері жетелейді.
Біреулердің соңынан сөз қалады,
Біреулерге қадалып көз қалады.
Тақтадағы тізілген тас секілді,
Əрбір пенде әлінше қозғалады.
Бəрі бірдей түспейді-ау ақ қағазға,
Кейде тірлік ұқсайды нақ базарға.
Ортасына жете алмай ойлағанның,
Омақаса құлайтын шақтар аз ба?
Жалғасады қашан да арманға үміт,
Гүлдей жайнар əлдекім таңдандырып.
Жалт-жұлт еткен əсерлі жұмбақ əлем,
Бара жатыр қызықпен алдандырып.
Бір кездерде қарғадай шұқыңдайсың,
Ебін тапсаң, өмірден ұтылмайсың.
Қилы-қилы сүрлеуге түсіретін,
Бұ жалғаннан тірідей құтылмайсың.