№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Гүлнар Рақымжанқызы | |||
2. | Қайрат Құматайұлы |
Тәп-тәтті едің не деген,
Бал-бақытқа бөлеген.
Қылығыңнан айналдым,
Қуанышым немерем.
Қайырмасы:
Не десең де көнемін,
Саған дайын өлеңім.
Алаңдатпай әжеңді,
Аман жүрші, бөбегім.
Әжесінің ақ күні,
Үзілмесін тәтті үні.
Өзіңменен әдемі,
Шаңырақтың шаттығы.
Қайырмасы
Құтты болып әр жасы,
Қасымыздан қалмашы.
Әжесінің бұзығы,
Атасының жалғасы.
Қайырмасы