№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы |
Ару болып кеттің жасың, кәрің де,
Табиғилық қалмапты-ау әріңде.
Бір сиқыр күш жаулады ма сананы,
Хор қызындай болып жүрсің бәрің де.
Қайырмасы:
Мэйкаппенен жасанып,
Жүр әйелдер жасарып.
Ғашық болып жігіттер,
Айналып жүр басы анық!
Емес қой бұл әзілім,
Қайда кетті әз жүзің?
Алпыстағы әжелер,
Көрінбейді әжімің?
Сені сұлу санаған,
Жас аруға балаған.
Жараланған жүрегі,
Ұят болды-ау баладан!
Таң қаларлық сұлусың ғой кейде енді,
Суретіңнен ажарлы деп түйгем-ді!
Кездескенде, танымадым аруым,
Көре алмай, желідегі бейнеңді?!
Қайырмасы
Келбетіңде бар еді ғой жылу құт,
Жанарың да төгіп тұрған жылулық!
Тәмпіш мұрын, қысық көзді өзгертіп,
Қайдан шыққан бұл сиқырлы сұлулық?!
Қайырмасы