№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Майра Меңлібаева | |||
2. | Әлібек Тойлыбай |
Бозартып құба таңды атырдым да,
Елегзіп жаным түсіп жатыр мұңға.
Жарылқап жанымды жай күйге салдың,
Бір тылсым, елес болып шақырдың да.
Қайырмасы:
Арманым зау шыңдарға ұмтылады,
Ассам деп, сол асқардан жұлқынады.
Келемін бір бақытты аңсауменен,
Қанар ма, ассам шыңнан бір құмары?!
Атырдым бозарған ақ құба таңды,
Болмысы жан біткенді жұбатады
Ойыма, оралады кейде тылсым,
Тылсымды кейде жаным ұнатады.
Қайырмасы
Жүремін, өмір саған тым құмартып,
Жабырқап, жаныма әз, сан мұң артып.
Мен үшін өмір – өлең, өмір – дастан,
Баяны болатын бақ, бір шын артық.
Қайырмасы