| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Гүлнар Шәмшиева | |||
Жаныма шырылдаған,
Жалғыздық созды қолын.
Жетер ме, үнің маған,
Төзімім тозды менің.
Қайырмасы:
Орманмын, жолыңдағы,
Айналып өте алмайсың.
Жанымды жаныңдағы
Тастауға бата алмайсың.
Жүрегім қатты ауырған,
Безгенде сенен мәңгі.
Құса, дерті ақтарылған,
Шанақтан төгем әнді.
Қайырмасы