№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Амангелді Сәндібайұлы | |||
2. | Нұртас Исабаев |
Тілеймін сені, сұраймын сені тағдырдан,
Жан құрбым менің жанымды оттай жандырған.
Сезімім менің жаңарып қайта жаңғырған,
Жолыңда сенің, жолыңда сенің жан құрбым.
Жанымда енді жүрмесең жаным болмайды,
Өзіңсің көңілім өмірге тасып толмайды.
Айрылсам сенен болады өшпес сол қайғы,
Тек сенің адал сезімің мені қолдайды.
Өзіңсің жаным бақытым сәл-ақ болмашы,
Жайнашы гүлім, жанымда жүрші, солмашы.
Аялап өтер бақытым болшы, аяулым,
Болмашы менің, қасірет қайғым болмашы.
Қимаймын сені, басқаға жаным қимаймын.
Сондықтан сені, өзімді оймен қинаймын.
Сыйлаймын қалай өзгеге жаным, мен сені,
Өзіңсіз мынау, дүниеге енді сыймаймын.