№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Амангелді Сәндібайұлы | |||
2. | Сақтаған Жұмағұлов |
Сусыныңда бойға қуат дәру бар,
Балдан тәтті қасиетті, киелі.
Құйшы тағы қымызыңнан қыз бала,
Көңілдердің ағытылсын тиегі
Қайырмасы:
Қымызхана – Сахараның сәні бар,
Тіл үйіріп, тамсандырған дәмі бар.
Қымыз, қымыз, қымызхана,
Құйшы тағы қымызыңнан қыз бала.
Қымыз, қымыз, қымызхана,
Құйшы тағы қымызыңнан қыз бала.
Қымызхана қымыз толы құтылар,
Татпағандар таңдай қағып жұтынар.
Қамбар ата, қыз Құртқадай ананың,
Қулығының саба-саба сүті бар.
Қайырмасы
Уа, меймандар уақытыңды қи бүгін,
Көбейсінші әркез мұндай сыйлы күн.
Қабылдаңдар шара толы шаттықты,
Бөлісіңдер қымызхана сыйлығын.
Қайырмасы
Ау, халайық!
Қымыздан алайық!
Балдай тәтті, қасиетті тіл үйірген дәмі бар,
Қымыздан алайық, халайық!
Қымыздан алайық, халайық!
Балдай тәтті, қасиетті тіл үйірген дәмі бар,
Қымыздан алайық, халайық!
Қымыздан алайық, халайық!