№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Гүлнар Шәмшиева |
Мен түсімде жаз көрем,
Жазды аңсаудан бұлақ жаным сылдырлап,
Сәби сынды сұлу әнім былдырлап.
Тауға қарай кетіп бара жатады,
Таудың таңы тұп-тұнық боп атады,
Сұлу сазым сырғадай боп, сыңғырлап,
Мен түсімде жаз көрем.
Сұлу әлем бесікке сап, тербейді,
Көкірегім жердің кірін көрмейді.
Алақанын анам жаяр, келші, деп,
Дүние біткен сезіміме елжіреп.
Неткен ғажап, жазы сұлу жер,- дейді,
Мен түсімде жаз көрем.
Көбелегі көктем киген үстіне,
Жауқазындар самал төгіп, түз түлеп.
Ән-жырымның желбіреген шашағы,
Қызғалдақтай жерге жұпар шашады,
Жаз әкеліп, сонау таудан күшті леп,
Мен түсімде жаз көрем.
Дүниені нұрландырған жанары
Ай еркелеп, алатауға қарады.
Көңіл бұлты көктен жерге тайғанап,
Назды әнімді аспан біткен аймалап,
Еркелете, әуелете салады,
Мен түсімде жаз көрем.
Мың бір түннің хауызында шомылып,
Жасыл бақтың жапырағына көміліп.
Жаным ылғи еркелеумен жүреді,
Серпілгендей, бұлтты ойлар түнегі.
Омырауы отыз күйді сағынып,
Жаз келеді жүрегімде жағылып,
Мен түсімде жаз көрем.
Өзендері өксігінен арылған,
Жүректері қуаныштан жарылған.
Қамыстары мамыражай тербеліп,
Сезімдері сегіз түнде сенделіп,
Жүрек төккен қобыздайын сарыннан,
Мен түсімде жаз көрем.