| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Амангелді Сәндібайұлы | |||
| 2. | Ақберен Елгезек | |||
Сені, сені сүю – тыныштықпен тілдесу,
Сені сүю, сені сүю – үнсіздікпен үндесу.
Сені, сені, сені сүю – нұр тарату жүрекке,
Сені, сені сүю – қуаныштан, қуаныштан мұң кешу!
Сені, сені сүю – шуақ шашу жанардан,
Сені сүю, сені сүю – жұпар жұту самалдан.
Сені, сені, сені сүю – өз-өзіңді ұмыту,
Сені, сені сүю – табу бәлкім, өз-өзіңді жоғалған.
Сені, сені сүю – өз өртіңнен жалындау,
Сені сүю, сені сүю – өзге жанды сағынбау.
Сені, сені, сені сүю – сұлулыққа сүйсіну,
Сені, сені сүю батып кету көздеріңе сұп-сұлу!