№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Амангелді Сәндібайұлы | |||
2. | Болат Бопайұлы |
Ай нұрындай сәулелі еді жанарың,
Қайда жүрсің балдай тәтті бағалым.
Самал желдей сезім отын үрлейді,
Құлағыма жетіп сенің тәтті үнің.
Қайырмасы:
Уа, дариға арман-ай,
Жан құмарым қанған-ай.
Бір белесте қол бұлғап,
Арманымның тұрған-ай.
Уа, дариға арман, арман-ай,
Уа, дариға арман-ай,
Кермаралдай қалқамай.
Гүлдей болып алдымда,
Көз сүрініп, көңілді арбап, тұрғанай.
Қайда жүрсең ғашық еткен маралым,
Күйігіңнен күйіп жанып барамын.
Тыншымайды сені көрмей бұл жүрек,
Айға ұшып кетсең де іздеп табамын.
Қайырмасы
Барайыншы сен жүретін көл жаққа,
Тас бұлақтар сыңғыр күлкүңді ұрлап па.
Аққу-қазы көрінбейді айдынның,
Саған ілесіп кетті ме ұшып бір жаққа.
Қайырмасы