| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Амангелді Сәндібайұлы | |||
| 2. | Серік Әбілжанов | |||
Жаралған жаның нұрдан,
Аяулы ғашығым – сен.
Күндіз-түн сағындырған,
Қастерлі асылым – сен.
Түндерде кірпік ілмей,
Өзіңнен күттім хабар.
Ақ қайың бүршігіндей,
Үмітім қашан жанар.
Қайырмасы:
О, менің үміт, айым,
Қалайша ұмытайын.
Қол созған үміт алдан,
Өзінсің – үміт, арман.
Суретің серік болған,
Жалғыздық сәттеріме.
Бір тамшы түсті үзіліп,
Хат жазған дәптеріме.
Бейнеңе қараймында,
Тек үнсіз жабығамын.
Жабығып қалың мұңға,
Өзіңді сағынамын.
Қайырмасы