| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Гүлнар Шәмшиева | |||
| 2. | Фариза Оңғарсынова | |||
Оралдым сонда үйге мен,
Мас болып, бір бал сезімге.
Пақырлық екен, сүймеген,
Жалындап тұрған кезіңде.
Жүрегім жалын, от дене,
Бақыт-нұр құшып, жанарым.
Жерде ме, әлде көкте ме,
Әйтеуір кетіп барамын.
Келемін құшып, таң нұрын,
Білмеймін, қайда, қай бағыт.
Кетсе де мейлі, дәл бүгін,
Бақыттан басым айналып.