№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Гүлжанат Мұхамеджан | |||
2. | Елнұр Қайратұлы |
Жетті ме бұл сезімім аяғына,
Қоштасар сәтімізде таяды ма?
Іштей сүйіп тұрсамда, амалым не,
Қызғанбаймын мен сені баяғыдай.
Қайырмасы:
Мен неге өзіңменен танысқанмын?,
Тулаған сезімменен алысқам мың.
Қиналса да жүрегім кеудемдегі,
Сенен мүлде келеді алыстағым.
Өзім қинап көңілдің ездім гүлін,
Махаббаттың баянсыз сездім үнін.
Жалтақтадым артыма қарайлаумен,
Сүйіп тұрып сезімнен бездім бүгін.
Қайырмасы
Қалай қиям күндерді мен шырынды?,
Тыңдағайсың, жүрегім, бір сырымды.
Тұрғандайсың түсініп сен де мені,
Мен де сенің тоқтаусыз дүрсіліңді.
Қайырмасы