№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Гүлжанат Мұхамеджан | |||
2. | Елнұр Қайратұлы |
Қиялменен атырып қанша таңды,
Жалғасады бұл сезім қанша тағы.
Жапырақтар кезекпен үзілгенде,
Бар үмітім тағы да шаршатады.
Қайырмасы:
Сағынышты сарғайған күз деп білем,
Қиялдағы жұмбақ жан сіз деп білем.
Төрт мезгілдің бірінде ұшпайтұғын,
Аққуымды әлі де іздеп келем.
Сен сезімтал мезгілдің кезегісің,
Жауап қатпай жанымды еземісің.
Тіс жармаған пендеге нәзік ғана,
Сезімімді шарасыз сеземісің.
Күзге аян мендегі жаңа сырым,
Сарғаятын менімен жанашырым.
Сағыныштан өртенді от өзегім,
Тұнып тұрма көзімде қарашы мұң.
Қайырмасы