№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айзада Бекенқызы | |||
2. | Ардақ Игенова |
Басымдағы бағыма жаратылған,
Тірегімсің өзгеше дара туған.
Беделімді биікке көтересің,
Ақиығым, дем беріп қанатымнан.
Қайырмасы:
Тағдырымыз қос ғасыр қиясында,
Теңеп мені жүресің жиі асылға.
Қос аққудай келеміз бір сезіммен,
Махаббаттың жып-жылы ұясында.
Пәк сезімді жанымның пірісің сен,
Дүрсілдеген жүректің үнісің сен.
Мұңайсам да, күлсем де, жыласам да,
Шуағымен нұр сепкен күнімсің сен!
Қайырмасы
Өзің барда әрқашан биікпін мен,
Шаңыраққа ырысты үміт кірген.
Періштедей ақ пейіл, ақ ниетті,
Жырдан шашу қабыл ал сүйіктіңнен.
Қайырмасы