№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айзада Бекенқызы | |||
2. | Елнұр Қайратұлы |
Теңеп айтқан дәлірек қазағым да,
Балалы үй демейме базарлы да.
Торсық шеке дүниеге сәби келсе,
Бұл өмірдің балаған ғажабына.
Қайырмасы:
Той, той тойласын қазақтың әрбір үйі,
Аналардың көбейсін әлдилері.
Бейбіт елде, шаттықта шалқып жүрсін,
Елін сүйер Алаштың сәбилері!
Тентектігі болсада, былығы да
Ренжи алмай жүресің құлыныңа.
Бұл өмірде жетпейді-ау еркелеп бір,
Шаршағанды басатын қылығына.
Қайырмасы
Ұл туылса теңеген оқ жонарға,
Тон пішерге қыз болса болжағанда.
Әкетайлап еркелеп шықса алдыңнан,
Сол емес пе бақытың бұл жалғанда.
Қайырмасы