№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Гүлнар Рақымжанқызы | |||
2. | Жұпаркүл Бекшораева |
Самалың сипағанда маңдайымнан,
Көңілім аршылады сары уайымнан.
Кетпейді көкіректен туған жерім,
Бал дәмі құлпынайдың таңдайымнан.
Қайырмасы:
Марқакөл, айналайын тұнығыңнан,
Күн күлген ұлдарының тұлымынан.
Шашбауың сыңғырлайды кеше таққан,
Құралай қыздарының бұрымынан.
Туған жер – алтын мекен, тұңғиығым,
Алыста өзіңді аңсап жүр киігің.
Шығысқа күнде қарап қол созамын,
Жарқырап жатыр-ау деп бір ұйығым.
Қайырмасы
Бәйгеден оза шапса арғымағым,
Оянар кәусарыңа бар құмарым.
Анам мен әкем жатқан қойнауыңа,
Әнімді ескерткіш қып қалдырамын.
Қайырмасы