№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Гүлжанат Мұхамеджан | |||
2. | Елнұр Қайратұлы |
Әр қатесіз басылған қадамдарға,
Дәл ұстаздай қуанар адам бар ма?
Тәлім алған сіздердей жанашырдан,
Біз сияқты шәкіртте арман бар ма?
Қайырмасы:
Өз тағдырын білімсіз құрамақ кім?
Ұстаздарым бастауы ұлағаттың.
Балалықпен жасаған қылығыма
Басымды иіп кешірім сұрамақпын.
Әзіз тұтам ұстазды бәрінен де
Мақтан етіп жүремін тәлімін де.
Қоңыраудың аңсаған сыңғыр үнін,
Шәкірт сезім басымдау әлі менде.
Мектеп кеме ұстаттың ескегінде,
Қамқорлығың шәкірттер естерінде.
Білім нәрі мәңгілік азық болар,
Өмір мектеп жалғанның бес күнінде.
Қайырмасы
Сынақтардан тұрсамда құлапта өзім,
Сіз дарытқан дос болды бірақ төзім.
Ұстаздарға мың алғыс даналықпен,
Ашып берген санамда бұлақ көзін.
Қайырмасы