MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Ауылға бардым
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№33, 4 ақпан 2024 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Жақсылық Әбдіраманов
2.Нұрлан Қалқа
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Ауылға бардым, анамды көріп, қуандым,

Көңілім босап, әкемді көріп, жұбандым.

Туыстар келіп, арқа да жарқа, ән салып,

Атап өтілді атажұртымда туған күн.

 

Қайырмасы:

Шарасыз күйге жеткенде,

Шулы жер мезі еткенде,

Жетемін Ұзынбұлаққа,

Бар амал сол-ақ тек менде.

 

Ауылға бардым, ауасы қандай, тұп-тұнық,

Қулықтан келер бұлағы қандай, сұп-суық!

Тауларым қандай, күзетіп тұрған ауылды,

Аспаны қандай, шөкімдей бұлт жоқ, тып-тымық.

 

Қайырмасы

 

Ауылға бардым, бата алдым абыз анадан,

Жүрсемші енді қалмаспын көштен, қатардан.

Кегеннің желі шашымнан сипап, сергітті, 

Қуат ап қайттым ауылға барған сапардан.

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика