| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Марат Оразаев | |||
| 2. | Серікзат Дүйсенғазин | |||
Шалғынға аунап шалқыған,
Балғын күндер балқыған.
Ауылымда өткен, балауса кез көктем,
Адалдығы аңқыған.
Бесігінде тербеткен,
Тайға мініп ер жеткен.
Ауылдағы өмір,
Кең даладай көңіл,
Табылар ма жер көктен.
Қайырмасы:
Қайда сол бал шағым,
Сағындырды қанша күн.
Кіндігімді кескен,
Асық ойнап өскен,
Ауылымды аңсадым.
Арайланған ақ таңын,
Жүрегімде сақтадым.
Туып өскен жерім,
Қасиетті төрім,
Мәңгі менің мақтаным.
Қайырмасы