№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Ардақ Игенова | |||
2. | Жұмагүл Байділдаева |
Тапсаң әйел жүрек-кілтін, ғажап неткен,
Құт-береке жүрген жері, жақұт мекен.
Шаңырақты шайқалтпай шаттандырған,
Әулетіңнің падишасы, сұлу көркем!
Қайырмасы:
Әйел ерді өркендетер - өре дер ем.
Әйел барда жігерлісің болып өктем.
Жүрегіңе тіл бітірген жауқазын ба?,
Ал, әйелсіз болмайды-ау өмір көктем.
Сабыр сақтап, жан жарына мейір төккен,
Махаббатты мәңгілікке тұғыр еткен.
Азаматын айбарына балады ма?!
Өзге жұртқа келін болып, нұрын төккен.
Қайырмасы
Мырзасының маздатқан шам-шырағын,
Әйел – сенің ақылшың, асыл жарың!
Ләззатына бөлеген шырайланып,
Шаттандырған мерейлі думан бағың!
Қайырмасы