№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Анарбек Қозбақов | |||
2. | Гүлбақыт Қасен |
Гитара – әуен, жанды баурайсың,
Жанды баурайсың, таңғы арайсың.
Көңілдің күйі қай нотада екен?
Бір ән сап берсем, қалай қарайсың?
Е-ей, өмір-өзеннің терең арнасы,
Белгілі маған келе алмасың.
Гитара үні қайталағандай,
Шәмші ағамның серенадасын.
Кірпігі күннің қайғы іліп пе еді?
Ақ бұлтты мұңмен сай қылып пе еді?
Түсімде ылғи шауып барады,
Табылды ағамның сәйгүліктері.
Қиялдың үнсіз топтасуын-ай,
Ғазиз жүректің от басуын-ай.
Жанарда соңғы мөлдірер тамшы,
Сейіл ағамның қоштасуындай.
Тұңғиық ойлар сөзіңде шығар,
Бір жұмбақ сезім көзіңде шығар.
Қолым тиген сәт, дір ете қалдым...
Жүректің кілті өзіңде шығар,
О, гитара!