| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Амангелді Сәндібайұлы | |||
| 2. | Әбділда Тәжібаев | |||
Бөленіп гүлмен нұрыңа,
Бағыңда ойнап күлгенмін.
Таңында сайрап бұлбұлға,
Ән қосып жырлап жүргенмін.
Қайырмасы:
Қазақстан сүйікті,
Туған үй туған елімсің
Асық атып доп қуып,
Асыр салған жерімсің.
Қарасаң көзің тоймайтын, Қазақстан –
Шіркін-ай туған елімсің.
Сен есіме түскенде,
Көңілім бұлттан ашылып.
Тасиды жаңа күшмен де,
Жабықаным басылып.
Қайырмасы
Сен есіме түскенде,
Құшағым анам ашқандай.
Қол ұстасып өмірге,
Жаңа қадам басқандай.
Қайырмасы