MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Қайран уақыт
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№33, 4 ақпан 2024 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Дінмұхамет Ұябай
2.Әуелай Оспанова
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Байқамаймыз күндерді жылжып аққан,

Көкке өрлеткен, биіктен құлдыратқан.

Асау жылдар бұрылып қарамайды,

Сағынышы жанарды тұнжыратқан.

 

Қайырмасы:

Қайран уақыт зымырап өткенің бе,

Қымбат күндер қайрылмай кеткенің бе.

Іңкәр көңіл аңсаудан талмайды екен,

Өмір атты өзеннің өткелінде.

 

Уақыт шіркін самғайды ұшқан құстай,

Көз алдымда кешегі өткен тұстар.

Оралмастан алаңсыз зулайды екен,

Ғұмыр-дария білсеңіз екен қысқа.

 

Жастық қайда жігері жасымайтын,

Кездер қайда толқитын, тасымайтын.

Қайран уақыт сағым боп өте шықтың,

Сағыныш бар жүректе басылмайтын.

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика