MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Көріктім
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№33, 4 ақпан 2024 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Анарбек Бердібаев
2.Бақытжан Еламанов
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Лағындай өзің еліктің дейін,

Сүйкімді, сұлу, көріктім дейін.

Көргеннен алғаш еліткен мені,

Өзгеден ерек сүйіктім дейін.

Жарқырап шыққан күнімсің дейін.

Жайқалып өскен гүлімсің дейін.

Аққудай бірге айдынды көлде,

Жүзетін бірге жұбымсың дейін.

 

Қайырмасы:

Әппақсың арусың айдайсың,

Науаттай тәп-тәтті балдайсың.

Міні жоқ, сыны жоқ, қандайсың

Түп-түзу өскен талдайсың.

 

Күлім көз, қалқам, қылықты жаным.

Жүзіңмен жарқын жылыттың, жаным.

Төлеген сынды Жібегін сүйген,

Ғашықтың сырын шын ұқтым, жаным.

Бақта бір өскен аққайың болшы,

Арайлап атқан бақ таңым болшы.

Асылым дейін, алтыным дейін,

Өмірден қымбат тапқаным болшы!

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика