№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Ардақ Игенова | |||
2. | Сәуле Жанпейісова |
Іңкәр сезімнің жұмбағын шештім,
Құлпырған бақтың ләззатын кештім.
Жүректен шыққан жүрегім менің,
Қызындай хордың сұлу боп өстің.
Қайырмасы:
Еліктей еркем үлбіреп жаның,
Әкеңнің әппақ арманы бағың.
Арайлы таңдар алаулап атсын,
Аялап жүрсін өмірде жарың.
Жайқалшы гүлдей, куә бол ғасыр,
Жақұтым сенсің жақұттан асыл.
Күлімде күндей көркіңмен әсем,
Бақытым сенсің бағымды асыр!
Қайырмасы
Қырмызы көктем, қызғалдағым – сен,
Сағынған сәтте іздер жаным сен.
Ізгіліктерге жетелейтін де,
Алтыннан қымбат игі арманым – сен.
Қайырмасы