№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Алтынбек Сағындықов | |||
2. | Сырым Сәрсеков |
Мен сені ойламайды дейсің бе?
Ойлаймын, таңдарды таңға ұрып.
Ойменен шарлаймын әлемді,
Кетемін ой кезіп, қаңғырып.
Қайырмасы:
Мен сені ойлаумен күн кешем,
Түн кешем сағынам, қамығып,
Түсімнен шықпайсың күнде сен,
Сен жоқта жүремін жабығып.
Ойлаймын мен сені түн санып,
Күрсініп, кеткенше күн шығып.
Ойменен кей сәтте тұншығып,
Кетеді тұла бой, түршігіп.
Қайырмасы
Мен сені ойлаймын, іздеймін,
Төбемді, сан-мәрте ақтарам.
Отырам қайталап сен жайлы,
Ойларды жадымда сақтаған.
Қайырмасы
Ақтарам сарғайған беттерді,
Сипаймын аялап қолыммен.
Сонан соң табам деп бел буам,
Қалдырмай қалай да, бүгіннен.
Қайырмасы