№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Гүлнар Рақымжанқызы | |||
2. | Жұлдыз Тойбекова |
Ауыл түсіп кеткенде кейде есіме,
Алай-түлей әлемім күй кешуде.
Бауырымды қысамын құшағыма,
Анашымның иісі бар жейдесінде.
Қайырмасы:
Жан-дүнием толқыды бүгін менің,
Айналайын бауырым, күнім менің.
Қандай жақсы мойныма асылғаның,
Жас сәбидей алдымнан жүгіргенің.
Еркелейді ол, не деген тұнық жаны,
Бауыр керек екен ғой, бір ұққаным.
Жүрек тұсым шым етті, бауырымның,
Әкешіме ұқсатып қылықтарын.
Қайырмасы
Туысыңдай мұңыңды кім ұғады,
Ол бар кезде жүрегің тынығады.
Қандай жақсы әпкетай, қарындас деп,
Алдыңда аға, артыңда іні бары.
Қайырмасы