MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Ей, өмірім
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№34, 17 ақпан 2024 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Жібек Искакова
2.Құрасбек Байтоқаев
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Бір мұңайтып, бір қуантып жүресің,

Кейде ызғар, кейде шаттық төгесің.

Бір қарасам күздей қара суық боп,

Енді бірде жаздай жайнап енесің.

 

Қайырмасы:

Ей, өмірім! Айтшы өзің қандайсың?

Бірде ащы, бірде тәтті балдайсың!

Бұлт үйрілсе төбеме кеп, лезде сен,

Күндей болып шуақ шашып алдайсың!

 

Қыстай болып ақ мамыққа орайсың,

Гүл көктемдей жайқалып сен тарайсың.

Бұл жаныма таң шапағын сыйлайтын,

Ей, өмірім – сен мен үшін арайсың!

 

Қайырмасы

 

Сен ғажапсың сындарың көп болса да,

Ызғарыңнан жаным жылап,  тоңса да.

Ей, өмірім, сені жақсы көремін, 

Сен қымбатсың гүлім ашпай, солса да.

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика