№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айзада Бекенқызы |
Әкешім – асқар тауым, ардағым!
Әлі есімде тəрбиелі талғамын,
Маңдайымнан емірене сүйгенің,
Сағыныш боп көз алдымда қалғаның.
Қайырмасы:
Әке-ана, сағындық ғой сіздерді,
Бұл сағыныш басылмады біздегі.
Бала болып еркелей де алмадық,
Бала көңіл мейірімді іздеді.
Ана бар жылулық жүзіңде,
Көз алдымда күлімдеген көзің де.
Сағынғанда айнаға көп қараймын,
Ұқсаған соң мен анашым өзіңе.
Қайырмасы