MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Мен қазақпын
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№34, 17 ақпан 2024 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Жібек Искакова
2.Жұпаркүл Бекшораева
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Мен қазақпын, араймын,

Көкжиектен қараймын! 

Күн нұрындай еліме,

Жылу болып тараймын!

 

Қайырмасы:

Е-ей, мен қазақпын, жалынмын,

Бойымда бар дарыным.

Мен қазақпын, бауырым,

Алатау, Алтай тауымын! 

Мен қазақпын, жұлдызбын,

Баға жетпес құндызбын.

Биік қояр намысын,

Батыл жүрек ұл-қызбын.

 

Мен қазақпын ақ таңмын, 

Жұмсақ мінез мақпалмын.

Шырқап айтар жүрекпен,

Тамылжыған тәтті әнмін!

 

Қайырмасы

 

Мен қазақпын, жүрекпін,

Жолыңызға гүл ектім.

Әр қазағым жалғызым,

Құлай қалса, тірекпін!

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика