| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Ардақ Игенова | |||
| 2. | Қанат Қабдолдаұлы | |||
Өмір деген тұрағы жоқ бір мекен,
Буырқанған толқындар мен жүр екем.
Қиналсам да қия алмаймын шіркін-ай,
Көңілімді жабырқатар сыр екен.
Қайырмасы:
Шарасыз боп кей сәттері арыдым,
Жалын шарпып жүргендей боп налыдым.
Беу, дүние-ай, өткеніңе өкінем,
Кеткен сонау асылдарды сағындым.
Жаратқанның жақсылығы көп білем,
Тәубе дедім жүрген ортам көк кілем.
Бұл өмірге қонақ болып келген соң,
Қандай жақсы сыйластықпен өткізген.
Қайырмасы