№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Жібек Искакова | |||
2. | Құрасбек Байтоқаев |
Асқар тауы, белі бар, көк майса орман, көлі бар,
Жер анамыз сыйлаған, алтын, күміс кені бар.
Жазиралы жері бар, қазақ дейтін елі бар,
Жеті атасын сақтайтын, айнымайтын тегі бар.
Отаным менің – Қазақстан!
Көк байрағым желбірер, ет жүрегім елжірер,
Елтаңбам бар пырақты, қос қанатты ат тең жүрер
Әнұраным жүрегім, саған құлақ түремін,
Жеміс беріп жеңісің, алға бастап тұр елім!
Отаным менің – Қазақстан!
Астанамыз бас қала, жаңа қала, жас қала,
Бір өзіне баурайтын, жасай берші – Астана!
Алматым бар алмалы, әрбір жанның арманы,
Өнер, білім мекені, сұлуланған жан-жағы.
Отаным менің – Қазақстан!
Атырауым, Алтайым, шығысымды байқайын,
Солтүстік бар, оңтүстік, қайсы бірін айтайын?!
Ауылдарым қаншама, қазық болған баршаға,
Ауыл алтын – бесігім, жүрем сен деп ән сала!
Отаным менің – Қазақстан!