№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айзада Бекенқызы | |||
2. | Камилия Дөсекбаева |
Көкірегіме сұлу сезім енгізген,
Бұл өмірді шын ғажайып дегізген.
Сенің мөлдір махаббатың – құдірет,
Толқынысы күшті алып теңізден.
Қайырмасы:
Солдырмаймын, сол гүлімді баптаймын,
Көңілімнің көзесінде сақтаймын.
Бағбаны – сен, аялайтын, абайлап,
Сенен өзге оған ие таппаймын!
Кеңдігінен пейіліңнің жай табам,
Бір өзіңе сезім әнін айта алам.
Жанарыңнан тамған нұрға бөленіп,
Жүрегімде сезім гүлі жайқалған.
Қайырмасы