№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мейрамбай Бектасов | |||
2. | Шаяхмет Құсайынұлы |
Жайқалған Алатаудың бөктерінде,
Көк жасыл, түкті кілем көктемінде.
Кезінде Алтын адам мекен еткен.
Көз салсам ғасырлардың өткеліне.
Қайырмасы:
Гүл исі бұрқыраған даласы бар,
Жастықтың шырқалады жарасып ән.
Бақтарда алма, жүзім құлпырады,
Төрт түлік түлеп шыққан қорасынан.
Еңбекшіқазағымның аймағы кең,
Жерімді құрметтеймін мақтан етем.
Әр түйір тасында бар мол тарихы,
Бермеймін керек болса жатқа бөтен.
Қайырмасы
Қырандар айналады тау үстінде,
Жолбарыс аунақтайды қар бетінде.
Шипалы сулары бар қасиетті,
Жолаушы іздеп келіп су ішуде.
Қайырмасы