№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марат Оразаев |
Жастық өтіпті,
Көзімді ашып жұмғанша.
Естеліктер көп,
Көкейде сайрап тұр қанша.
Қайта оралмас сол бір кезім,
Мөлдір сезім.
Қайырмасы:
Өмір дегенің,
Көңіл дегенің –
Тәңірдің берген сыйы,
Ашылған сырлар,
Айтылған жырлар,
Ей-қайран жылдар,
Есті әндерменен есіңе түсер жиі.
Суреттен қарап,
Өтеміз көзбен шолып бір,
Қартайып қалған,
Сұлу қызбен көрікті ұл.
Таусылмаушы еді ойын күлкің,
Жастық шіркін.
Қайырмасы