№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мейрамбай Бектасов | |||
2. | Шаяхмет Құсайынұлы |
Қызылжар Алатаудың бөктерінде,
Көкпеңбек жазы, күзі, көктемі де.
Басталады бұлақтары шың құздардан,
Алтын адам таң қалған өткенінде.
Қайырмасы:
Бір жағын да Әшекей белі жатыр,
Генералдар көп шыққан елі батыр.
Төлеби, Алмалыдай ауылдары,
Еліме қаншама құт беріп жатыр.
Алма, жүзім қаптаған ел арманы,
Елі жомарт еңбекқор ерен бары.
Осы жерден тұлғалар өсіп шығып,
Әнші, ақын, сазгердің тереңде әні.
Қайырмасы
Асқақтаған елінің армандары,
Долана мен бүлдірген ормандары.
Күннің нұры Көктөбені асып келіп,
Қызылжардан қызарар таңдар тағы.
Қайырмасы