№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Бексейіт Шайланов | |||
2. | Мейрамбай Бектасов |
Билеп алып небір ойлар сананы,
Бір құдырет сезім билеп барады.
Сары алтындай сабырымнан айрылып,
Көңілімнің басылмады алаңы.
А-а-а, а-а-а, о-о-ой
Көңілімнің басылмады-ай алаңы.
Жарық етіп мөлдіреген жанарың,
Қас қағым сәт ықыласпен қарадың,
Сол бір сәтте шоқ түскендей жүрекке,
От сезімге орандым ғой қарағым.
А-а-а, а-а-а, о-о-ой
Көңілімнің басылмады-ай алаңы.
Жан сырымның айта алмадым өзегін,
Амалсыздан бәріне де төземін.
Қалай ғана кезіктірді тәңірім,
Аңсап жүрген ғажап жанның өзі едің.
А-а-а, а-а-а, о-о-ой
Көңілімнің басылмады-ай алаңы.