MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Құдаша қыз
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№35, 3 наурыз 2024 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Елубай Әуезов
2.Мейрамбай Бектасов
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Жүктеу
Ән мәтіні

Жүректе бар сырымды ақтарайын,

Сыңғыр қаққан күлкіңнен бақ табайын.

Гүл тереміз елге кел қыр асамыз,

Елден ерек сүйкімді құдаша қыз.

 

Қайырмасы:

Қане биле құдаша құдаша қыз,

Би билейік қанекей оңаша біз.

Қуаныштан шаттықпен ән салайық,

Көрсін қауым қалсын бір тамашалап.

 

Елжірейсің құдаша еркелейсің,

Жарасатын құдаша көркем есім.

Қарай берем сұқтана көзімді алмай,

Қылығыңмен арбаған өзің болмай.

 

Қайырмасы

 

Құдаша қыз көргенде жанасып өт,

Көз салғанның тамсанып таласы көп.

Ынтық болған өзіңе жігіттердің,

Сезім күйін шерте бер оңашада.

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика