№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Нақсұлу Ержігітова | |||
2. | Серік Сейтеков |
Қайран ауыл ой-қырыңды білемін,
Ел дегенде елжірейді жүрегім.
Өзің едің өмірімнің бастауы,
Елім-жерім, аман болсын тілегім.
Қайырмасы:
Туған жерге тамсанамын қараймын,
Мен өзіңді бақытыма балаймын.
Саған деген жүрегімнің шаттығын,
Әуелетіп сағынышпен арнаймын.
Қайда жүрсем дем бергендей жебедің,
Қасиетті, құдіретіңе сенемін.
Екі шумақ өлең жазсам, біреуін,
Туған жерге арнау менен келемін.
Қайырмасы
Мүлігім сен, көріктісің, қымбатсың,
Мың бұралған бишілердей сұңғақсың.
Жыл айналып, өзіңді аңсап келгенде,
Әр перзентің туған жер деп үн қатсын!
Қайырмасы