MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Сезім күші
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№35, 3 наурыз 2024 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Жұлдыз Сүлейменова
2.Жұлдыз Тойбекова
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Қандай ару сендей жанды ұмытар?

Көздеріңде жарық сəуле, үміт бар.

Бұл жалғанның ызғарынан жаурасам,

Күнім деген ыстық сөзің жылытар.

 

Қайырмасы:

Өзіңді іздеп барамын айдынға мың.

Тек екеуміз сезетін жайды ұғар кім?

Сен сыйлаған сезімнің күшіменен,

Сырқатымнан бір күні айығармын.

 

Ешбір жанға аудармадым назарды.

Саған ғана арнап жүрмін ғазалды.

Жан білмеген жараларын жанымның,

Айым деген жалғыз сөзің жазады.

 

Қайырмасы

 

Көп мақтасам түсінбейді ел мені,

Сені ойласам жүрегім де сен дейді.

Кірбің түскен көңілімді жабырқау,

Сүйем деген жалғыз сөзің емдейді.

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика