№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Дана Мұхамедқызы | |||
2. | Жұмагүл Байділдаева |
Жаным құрбым аймаңдайлы арайың,
Бұлағындай мөлдір таза сарайың.
Сырға берік жүрегіңнен айналдым,
Өлеңімді құрбым саған арнайын.
Қайырмасы:
Шығысымның ару қызы шырайлы,
Тамсандырған сұлу көркі күн айды.
Жанарынан жалын атқан Тоғжан қыз,
Көздеріңнен тәтті сырлар құлайды.
Тыңдай біліп әр сырымды ұғындың,
Достық сырын тек өзіңнен ұғындым.
Сенің бүгін туған күнің Тоғжаным,
Ұзақ болсын жаным құрбым ғұмырың.
Қайырмасы
Таза көңіл кәусарындай бұлақтың,
Шыдап жүрсің сан түріне сынақтың.
Жайнап жүрген қызғалдақтай қырдағы,
Оты өшпесін достық деген шырақтың.
Қайырмасы