№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мейрамбай Бектасов | |||
2. | Шәумен Есмағанбетов |
Ұстазға онша көптің керегі жоқ,
Шәкірті жүрсе жайнап – көңіліне тоқ.
Шарықтап қанат қағып кетсе дағы,
Көңілінде тұрады екен кішкентай боп.
Қайырмасы:
А-а-а,
Жүргені шәкіртіңнің көз алдыңда,
Олда бір қызығы ғой өз алдына.
Ұстазға онша көптің керегі жоқ,
Мәз болар сәлем берсе шәкірті кеп.
Өзімен бой теңесіп жүргеніне,
Қуанар жас балаша риза боп.
Қайырмасы
Ұстазға онша көптің керегі жоқ,
Болғанмен кәсібінің бейнеті көп.
Жүргені шәкіртінің көз алдында,
Айнымас заманының солдаты боп.
Қайырмасы