| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Матқұлбек Маясаров | |||
| 2. | Нақсұлу Ержігітова | |||
Маған деген ықыласың,
Жыр толтырар жүрекке.
Қарасаңыз бір жымиып,
Жарық берер түнекке.
Қайырмасы:
Нұрлы сезім арайындай,
Сәуле шашып тұрасыз.
Менің ойлап тұрғанымды,
Жанарымнан ұғасыз.
Мүмкін мені іздеген жан,
Сіз шығарсыз адасқан?
Қиялыммен арпалысып,
Жан-сырыммен таласқан.
Қайырмасы
Айналсаңыз құйылғандай,
Кеудеме кеп жаhұт нұр.
Таңнан күліп мен оянсам,
Сіз сыйлаған бақыт бұл!...
Қайырмасы
